Шоу-бизнес

Димаш Құдайберген 7 жасар науқас баланың арманын орындады

Лаура БИҒАЛИ

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Дулат есімді кішкентай баламен Дубайда кездесті.

Жеті жасар баланың арманы әншімен кездесу еді. Оны "Менің арманым" атты қор ұйымдастырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Димаш кездесудегі әсерлі сәттен түсірілген видеоны өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады. Онда танымал әнші баланы ойнатып жүр. Кейін ол әндерін сүйіп тыңдайтын фанатына футболкасын сыйға тартты.

"Бұл бала маған ең бастысы — өмірді сүюді, адамдарды жақсы көруді және бақытпен бөлісуді үйретті. Дулат бәрін қорғағысы келетін періште сияқты. Ол бәріне сүйіспеншілік танытып, ризашылық білдіріп құшақтай берді. Мені осындай ерекше балапанмен таныстырғаны үшін "Менің арманым" жобасының ұйымдастырушыларына рахмет", — деді Димаш.

Экспресс К бұған дейін Димаш Emigala international Award марапатына ие болғанын жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров