Гүлназ Аманжолова

Ақтөбелік оқушыны әлемнің тоғыз университеті оқуға шақырды

Кәмшат ҚОПАЕВА

Гүлназ Аманжолова/Назарбаев зияткерлік мекбетінің баспасөз қызметі

Ақтөбедегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Гүлназ Аманжолова әлемнің тоғыз университетінен шақырту алды.

Бұл туралы осы мектептің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Гүлназ Аманжолова/Назарбаев зияткерлік мекбетінің баспасөз қызметі

Гүлназ Аманжолова әлемнің 15 университетінің бакалавриат бағытына құжат тапсырған. Оның ішінде Drexel University, Simmons University, Pitzer College, Bocconi University, University of Pisa, Jacobs University, University of British Columbia, Ca Foscari University, Rollins College оқу орындарының "Экономика және іскерлік әкімшілік" мамандығына құжатын өткізіген. Нәтижесінде 9-на оқуға қабылданды.

Бұл — зияткерлік мектептегі оқудың, тынғылықты дайындықтың нәтижесі. Қазір Еуропа, Азия және Канаданың бірнеше университеттерінің шешімін күтіп отырмын. Жақында армандаған университетімнен жауап келеді деп үміттенемін,

— деді Гүлназ,

Гүлназ Аманжолова/Назарбаев зияткерлік мекбетінің баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласындағы NIS оқушысы әлемнің үздік университеттерінен шақырту алу үшін арнайы тест тапсырмаларын орындады. Ол SAT Reasoning емтиханында 1430 балл жинады. Ал IELTS бойынша орташа балл — 7.5.

Қазіргі уақытта Гүлназ білімін жалғастыру үшін Pitzer College университетін таңдап отыр. Біріншіден бұл — 5С университеттерінің бірі. 5С — Калифорния штатының Кларемонт қаласында орналасқан бес оқу орны. Оқушы бесеуінің біріне түссе, қалған төрт университетте оқуға және курстардан өтуге мүмкіндігі бар. Екіншіден, Pitzer College университеті оған оқу ақысы, тұрғын үй, тамақ және медициналық сақтандыруды қамту үшін, жылына 85 000 доллар қаржы төлейді.

Гүлназ шетелдік оқу орындарына түсу үшін университеттерді дұрыс таңдай білу қажет екенін айтады. Себебі соңғы жылдары кейбір елдерде университеттер шетелдік студенттерге қаржы бөлуді қолға алған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров