Шоу-бизнес

Жәзира Байырбекова Украинадан жетім балаларды асырап алғысы келеді

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/zhazira_bairbekova

Танымал әнші Жәзира Байырбекова Украинадағы соғыстан ата-анасы қайтыс болған бүлдіршіндерді асырап алуға дайын.

Оған жетім қалған балалардың желіде тараған видеосы әсер еткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Әнші өз ойын Instagram-дағы парақшасына жазды. Жәзира сәбилердің дініне, ұлтына қарамайтынын айтты. Және бір бала емес, үшеуін бір-ақ асырап алғысы келеді екен.

instagram.com/zhazira_bairbekovainstagram.com/zhazira_bairbekova
instagram.com/zhazira_bairbekova

"Украинадағы соғыстан ата-аналары қайтыс болған бүлдіршіндердің видеосын көрдім. Кіп-кішкентай бөпелер. Егер бізге рұқсат берсе мен екі, үш бүлдіршінді ұлтына да, дініне де қарамастан отбасыма қабылдап алар едім. Жетім балаларға аналық махабатымды беруге дайынмын. Жолын білетіндер, алдыруға көмектесе алатындар маған хабарласса екен", — дейді Жәзира Байырбекова.

Өнер иесі сәбидің барлығы бақытты болуға лайық деген пікірде. Экспресс К бұған дейін Байырбекованың психологтарға шүйліккенін жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров