Оқушылар

Аймағамбетов: Түлектердің грантқа түсуге екі мүмкіндігі болады

Экспресс К

Асхат Аймағамбетов

Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылғы түлектерге арнап хат жазды.

Онда министр ҰБТ-ға қатысты жаңалықтарды таныстырып, грантқа түсуге екі мүмкіндік болатынын жеткізді, деп хабарлайды Экспресс К.

Өз хатында министр ҰБТ электронды форматқа көшіп, барынша әділ өтіп жатқанын, оның жылына бір рет емес, 4 рет өткізілетінін жазады. Сондай-ақ биылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар балаларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Ал тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

"Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол", — деп жазады министр.

Оның хабарынша, мемлекет басшысының қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15 пайызға өскен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров