Жемқорлық

Утильалыммен айналысқан компания басшысы ұсталды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы Басқарушы директорын ұстады.

Ол 3 жылда мемлекеттен 13 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталған, деп хабарлайды Экспресс К.

"Бұрын "ӨКМ Операторы" компаниясында Басқарушы директор болған адам мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірді. Ол істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы "RecyclingCompany" ЖШС-ін заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 миллиард теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған ақша жымқырды деген күдікке ілінді", — деп хабарлады Антикор.

Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында "ӨКМ Операторы" ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалған. Қазіргі кезде соттың шешімімен күдікті қамауға алынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров