Су тасқыны

Атырау облысында тас жолды су шайып кетті

Экспресс К

instagram

Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" республикалық маңызы бар тас жолын су шайып кеткен.

Төтенше жағдайға байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған, деп хабарлайды Экспресс К.

"Бүгін сағат 17.30-дан бастап, Ақтөбе облысы аумағында А-27 "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" республикалық маңызы бар автожолының 246-330 шақырымы аралығында судың шаюына байланысты жол қозғалысына уақытша шектеулер қойылды. Осы жағдайға байланысты "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" тас жолымен Ақтөбе облысының аумағына шығудан бас тартуларыңызды сұраймыз", — делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" республикалық маңызы бар автожолының 330-337 шақырымында (Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы — Ақтөбе облысының шекарасы) қозғалыс тоқтатылды.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде жүргізушілердің түсірген вилеолары да таралып жатыр. Онда Қобда ауданы мен Жымпиды ауылының маңында екі жерден жолды су шайып кеткені айтылған. Желіде тараған видеодан тасқын су басқан жолда жүк көліктердің өзі әзер келе жатқаны байқалады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров