Ақын

"Байтұрсынов, кеш бізді". 27 млн-ға қазақша үйренетін депутаттарға жыр арналды

Ержан ШАЙЖАН

© Аспанбек Шұғатаев

Белгілі айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаев мемлекеттік тілді үйрену үшін депутаттарға бюджеттен 27 миллион теңге бөлуді абсурд деп санайды. Ол қазақ тілін білмейтін халық қалаулыларына деген наразылығын өлеңмен жеткізді.

Айтыскер ақынның елдегі жағдайларға үн қосқаны бірінші рет емес, деп хабарлайды Экспресс К.

Парламент депутаттарына қазақ тілін үйрету үшін ел қазынасынан 27 миллион теңге бөлінді деген ақпарат қоғамда қызу талқыланып жатыр. Мемлекеттік тілді білмейтін халық қалаулыларына осыншама қыруар қаржыны жұмсауды ақылға сыймайды деп жатқандар көп. Соның бірі — айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаев.

© Аспанбек Шұғатаев© Аспанбек Шұғатаев
© Аспанбек Шұғатаев

Жаңа Қазақстаным!

Басып жатыр ескі ізді.

Көсемдерге жағынып,

Көсейік-көсейік,

Пеш қызды.

Нұрдан қалған бұл билік,

Құмнан арқан ескізді.

Талай жасты төктіріп,

Талай басты кескізді.

Халықтың бірі біз едік,

Жауға бермеген еш ұлды,

Жатқа бермеген еш қызды.

Кешегі бір жаңалық,

Құлағымызды тескізді.

Ана тілін менсінбей,

Депутат, министр болған

Көріп ем талай бетсізді.

Тілді үйретем деп соларға,

27 миллионды

Ұлттық қордан шешкізді.

Ана тілін өзінің

Ақшаға үйреніп жатқан,

Байтұрсынов, кеш бізді...

Миллион бермек түгілі,

Басына алтын құйсаң да

Түзей алмайсың тексізді.

Мұны естіген қайран ел,

Таңғы үмітін кешке үзді.

Аққан жасы бет сызды,

Миллионды қалай шашпақшы?!

Атқа қондыру үшін

СССР-ден қалған ессізді.

Қырылып бара жатқанда,

Қазаққа әзер бергендер

Қырың екі мың бес жүзді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров