+35 градус: Қазақстанда күн күрт ысиды


Pixabay
Сәуірдің бірінші онкүндігінде ауа температурасы жоғарылайды.
Синоптиктердің болжауынша, екінші онкүндіктің ортасынан бастап республиканың барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Экспресс К.
Республиканың батысында түнде +1+9°С-тан +3+12°С-қа, күндіз +7+15°С-тан +15+22°С-қа дейін;
Солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнде -5+3°С-тан 0,+7°С-қа дейін, күндіз +2+10°С-тан +5+13°С-қа дейін;
Орталығында түнде 0,-5°С-тан +2+7°С-қа дейін, күндіз +6+11°С-тан +13+18°С-қа дейін.
Сәуірдің бірінші онкүндігінің ортасында антициклонның әсерімен еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасының аздап қысқа мерзімді төмендеуі болады. Ауа температурасы түнде -5+3°С-қа, күндіз +3+10°С-қа дейін төмендейді.
Алайда республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде бірінші онкүндік ішінде түнгі ауа температурасы +8+13°С-қа дейін жоғарылауы, ал күндізгі ауа температурасының +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін ауытқуы мүмкін.
"Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстан аумағына Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының жиі енуі жүзеге асады, олар температураның жоғары фонын негіздейді: еліміздің солтүстік жартысында күндіз +15+23°С, оңтүстігінде +28+35°С. Бірақ бұған қарамастан, негізінен батыс аймақтарда және елдің солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады. Жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр) боран, тұман, көктайғақ болуы мүмкін, жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстік жартысында жекелеген күндері жауын-шашын күтіледі (негізінен жаңбыр түрінде), таулы және тау бөктерінде ауа температурасы төмендеген кезде қар да болуы мүмкін. Найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар сәуір айында жиі кездеседі", — деп болжайды сарапшылар.
Көктемнің ортасында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болатын суық күндер болуы мүмкін. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде суық ауа массаларының енуі кезінде термометр бағандары түнде 0,-9°С-қа, күндіз +3+8°С-қа дейін, елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде түнде -5+7°С-қа, күндіз +10+15°С-қа дейін төмендеуі ықтимал.
Бөлісу