Су тасқыны
Су шайып кеткен тас жол қалпына келтірілді


Атырау облысында "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" республикалық маңызы бар тас жолын су шайып кеткен болатын.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тас жол автокөліктің барлық түрлері үшін ашылған, деп хабарлайды Экспресс К.
"2022 жылғы 2 сәуірінде сағат 00.50-ден бастап "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ деректері бойынша негізгі жолдың уақытша қалпына келтірілуіне байланысты "Сағыз ауылы-Ақтөбе облысының шекарасы" А-27 республикалық маңызы бар автожолының учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін 337-330 шақырымында қозғалыс қалпына келді", — делінген хабарламада.
Бұған дейін Атырау облысында тас жолды су шайып кеткенін жазған болатынбыз.
Бөлісу