Су тасқыны

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Экспресс К

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлім еткендей, Қаратөбе және Шыңғырлау ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі Шалғын елді мекені маңында мұз жиналып, қардың тез еруіне байланысты тұрғын үйлердің тең жартысына су кірген.

1 сәуір күні сағат 14:00-де Шалғын кентінен Қоскөл кентіне 70 адам, оның ішінде 48 бала эвакуацияланды.

БҚО полиция департаменті тонауға жол бермеу үшін патрульдеу мен үйлерді күзетуді ұйымдастырған.

Шалғын кентінде 45 үйде 190 адам тұрады. 1687 бас ірі қара, 187 бас жылқы, 4271 қой мен ешкі, 570 құс бар. 25 үй және 2 әлеуметтік нысан су астында қалды (су деңгейі 10-60 см.). Қазіргі уақытта су басқан үйлерде су деңгейі 5 см-ге дейін төмендеді.

Бұған дейін БҚО-да су деңгейі көтеріліп, жолды шайып кеткені туралы жазған болатынбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров