Ұрлық

Жамбыл облысында 15 миллион теңгенің затын ұрлағандар ұсталды

Экспресс К

©️ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Жамбыл облысында наубайханадан 15 000 000 теңгенің заты ұрланғаны анықталды.

Бұл туралы наубайхана қожайыны полицияға шағымданған, деп хабарлайды Экспресс К.

Кәсіпорынның 2021 жылдан бері жұмыс істемей тұрғанын айтқан ол, 16 наурыз күні наубайханасындағы 15 000 000 теңгенің мүлікі қолды болғанын байқаған.

Аталған факті бойынша 188-баптың 4-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Жамбыл облысының 18 және 21 жастағы тұрғындарын анықтап, ұстады.

Ұсталғандарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, тергеу жүргізілуде.

Күдіктілердің айтуынша, олар ұрланған барлық техниканы металл сынықтарын қабылдау пунктіне небәрі 60 000 теңгеге тапсырған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров