Жезде мен балдыз

"Тауып алған даладан!" Жездесін еркелеткен балдыз елдің қызу талқысына түсті

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Жезде мен балдыздың әзілі көптің қызу талқысына түсті.

Олардың бір-бірімен қалжыңдасып отырған сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбада дастархан басында отырған туыстарды көруге болады. Осы сәтте балдызы көптің сұрауы бойынша жездесін видеоға түсіріп, еркелетеді.

"Өздеріңіз сұрағандай, Толик жездем. Жаным жездем, құлағыңнан айналдым. Бере салған Алладан, туып алған даладан. Далада осындай жезде жата ма? Түсіп қалған ғой деймін шанадан... Күнім жездем... Қане, еркелеші", — дейді ол. Осы сәтте жездесі еркелей түседі.

Видеоны көрген желідегілер жезде мен балдыздың қарым-қатынасына тәнті болды. Дегенмен, олардың әрекетін ерсі көргендер де бар.

"Әдемі әзілдесу екен", "Жездемен ойнағанға не жетсін. Қазақта балдыздардың жезденің құлағынан тартып ойнауы ерсілігі болмаған", "Туыстарына рахат шығар, дайын комедия", "Бұны сыйластық дейді. Әдемі әзіл, ешқандай ерсілігі жоқ", "Қандай күшті. Біз жездемізбен олай ойнауға қорқамыз", "Жездеге деген құрмет жоқ. Не мынау енді отырыстары?", "Жезденің жақсысы әкедей деген бар" деп жазды желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров