Футбол

Катар – 2022: Футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Экспресс К

©AP/Hassan AMMAR

Биыл футболдан әлем чемпионаты Катарда қараша және желтоқсан айларында өтеді. Жасыл алаңда 32 мемлекет кубок үшін таласпақ.

Чемпионаттың топтық кезеңінде қай елдің қай елмен ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Экспресс К.

Футболдан әлем чемпионаты биыл 21 қарашада басталып 18 желтоқсанда аяқталады. Бір ерекшелігі, Катар Таяу Шығыс елдері тарихында тұңғыш рет әлем кубогын өткізбек. Доха қаласындағы жеребе нәтижесінде топтық кезеңнің командалары белгілі болды. Сонымен:

А тобы: Катар, Нидерланды, Сенегал, Эквадор

В тобы: Англия, АҚШ, Иран, Уэльс пен Шотландия/Украина

С тобы: Аргентина, Мексика, Польша, Сауд Арабиясы

D тобы: Франция, Дания, Тунис, Перу мен Австралия/БАӘ

E тобы: Испания, Германия, Жапония, Коста-Рика/Жаңа Зеландия

F тобы: Бельгия, Хорватия, Марокко, Канада

G тобы: Бразилия, Швейцария, Сербия, Камерун

H тобы: Португалия, Уругвай, Оңтүстік Корея, Гана

Әзірге әлем чемпионатына 29 құрама жолдама алып үлгерді. Қалған үш жолдама иегері маусым айында анықталады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров