Уилл Смит

Уилл Смитт "Оскарды" тапсыру рәсіміндегі жағдайдан кейін киноакадемиядан кетті

Экспресс К

18 сәуірде актердің АҚШ киноакадемиясындағы болашағы, мүшелігін жою немесе тоқтату туралы кеңес өтуі тиіс еді. Бірақ Уилл Смитт ол күнге жеткізбей-ақ өз еркімен кететінін мәлімдеді.

Бұл туралы ол Deadline басылымына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Экспресс К.

Мен Кинематографиялық Өнер және Ғылым Академиясына мүшеліктен бас тартамын. Біраз уақыт үзіліс үшін уақыт бөлсем бе деген ойым бар. Ақылымды ашуға алдырмау мақсатында өзімді дұрыстауға күш салмақпын,

— дейді Уилл Смитт.

Естеріңізде болса, Уилл бұған дейін "Оскар" жүлдесін табыстау рәсімі кезінде сахнаға атып шығып, әзілкеш жүргізуші Крис Рокты жұдырықпен бір ұрған еді. Актер әйелі Джада Пинкетт-Смиттің шашына қатысты Роктың әзіліне қатты ашуланған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров