Түрме

Қостанай облысындағы Құсмұрын түрмесі саудаға шығарылды

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

ayliekol.qostanai

Бәссауда өтетіні туралы хабарландыру үкіметтің электрондық сауда алаңында жарияланған.

Әулиекөл ауданындағы Құсұмұрын түрмесін Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қостанай облысындағы департаменті сатқалы отыр, деп хабарлайды Экспресс К ayliekol.qostanai.media сайтына сілтеме жасап.

Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылы маңындағы 161/4 мекемесі 60 жыл бойы жұмыс істеп, өткен жылдың басында ғана жабылған. Жазасын өтеушілер басқа абақтыларға ауыстырылып, қызметкерлері өзге қылмыстық түзеу мекемелеріне жұмысқа қабылданған.

25,2848 гектар жерді алып жатқан колония аумағында жиырмадан астам нысан бар. Ең ескі ғимараты 1966 жылы, ең жаңасы 2011 жылы салынған. Қазір бәрі бос тұр.

Хабарлама және 14 фотосурет жарияланған e-auction.gosreestr.kz сайты мәліметінше, аукцион бағаны төмендету ретімен өтеді. Бастапқы баға 749,385 миллион, ең төменгі сома — 124,897 миллион теңге. Қатысқаны үшін берілетін кепілдік жарна 37,5 млн теңге,

— деп жазалған аудандық басылымның ресми сайтында.

Бір қызығы, e-auction.gosreestr.kz сайтында алғашқы аукционның өтіп те үлгергені, бірақ одан еш нәтиже болмағаны жазылады. Демек, бәссаудаға ешкім қатыспаған немесе бастапқы бағаға ешкім қол көтермеген. Бұл — бұрынғы түрмеге жаңа қожайын іздеу әлі де жалғасады деген сөз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров