Той

Апалы-сіңлілі қыздардың бір күнде ұзатылуы жұртты таңғалдырды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Ұзату тойлары бір күнде өткен апалы-сіңлілі қыздар көптің таңданысын тудырды.

Салтанатты шараның видеосы Instagram-да пайда болды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Бір үйге екі келіннің бірге түскенін көріп едім. Ал бір күнде бір үйдің екі қызының ұзатылғанын бірінші рет көруім. Ондай да бола ма?"

деп жазылды видеоны бөліскен пабликтердің бірінде.

Видеода қазақтың ұлттық киімін киген екі бойжеткенді жеңгелері ақ мата үстімен алып өтеді. Осы сәтте олардың туыстары құшақтап, қимастықпен қоштасады.

Бейнежазба желі қолданушыларын таңғалдырды.

"Ерекше ұзату тойы екен", "Бақытты болсын, бақтары ашылсын", "Бір үйге екі келін түскенді көргенмін. Екі қыздың бірге ұзатылғаны қызық екен", "Екеуі де бір үйге келін болса тіптен қызық болушы еді.", "Барған жерлеріне тастай батып, судай сіңсін", "Ата-аналарына қатты қиын болған шығар. Бір күнде екі бірдей қызын ұзату ауыр ғой" деп жазды желі қолданушылары.

Көптің қызу талқысына түскен тойдың еліміздің қай өңірінде өткені әзірге белгісіз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров