Владимир Зеленский

"Біз жерімізді саудаға салмаймыз!" Зеленский Ресеймен шиеленіс туралы айтты

Олжас НҰРЖАҚЫП

© Ukrainian Presidential Press Office via AP

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ телеарналарының біріне сұхбат берді. Онда ол мемлекеттің тұтастығы мен жер мәселесіне, қазіргі болып жатқан соғысқа қатысты ойын білдірді.

Тіпті бейбітшілік үшін өз жерін саудаға салмайтынын да айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Америкалық FoxNews телеарнасына берген сұхбатында Украина Президенті бірқатар маңызды сұрақтарға жауап берген. Олардың қатарында жер мен ел, соғыс, бейбіт келісім сынды бірқатар мәселелер бар.

"Мен Украинаның жеңісін нағыз шындықтық, әділдіктің жеңісі деп айтар едім. Бұл өте ауыр әрі қиын сұрақ. Десе де украин халқы енді кері шегінбейді. Біз үшін жеңістен басқа басар қадам жоқ. Ресеймен бейбіт келісім үшін өз жерімізді саудаға салмаймыз. Жер мәселесі елдіктің, егемендіктің нышаны. Сондықтан бұл жайт ешқашан қарастырылмайды. Шегінерге жол жоқ. Біз үшін бұл майдан тек біздің жеңісімізбен аяқталуы тиіс", дейді Зеленский сұқбатында.

Сонымен қатар, ол Путиннің "ашкөз араны өсіп келе жатқанына", бұл соғыс Украинамен бітпейтініне де тоқталған. Оның айтуынша, егер Украина жеңілсе Ресейдің батысқа көз сүзетіні сөзсіз. Сол себепті оны тоқтату үшін негізгі нүктені біз қоюымыз керек деп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров