Қайғылы оқиға

Қарағанды облысында бүлдіршінді ит талап өлтірді

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауылында қабаған ит аулада ойнап жүрген екі балаға шабуыл жасап, соның салдарынан үш жасар бүлдіршін көз жұмды.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, оқиға 1 сәуір күні сағат 19:00 шамасында болған, деп хабарлайды Экспресс К.

— Бес және үш жастағы балалар жер үйдің ауласында ойнап жүргенде, оларға қабаған ит шабуыл жасаған. Оның не себепті байлауда болмағаны белгісіз. Ит талаған балалар бірден ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер үш жасар баланың өмірін арашалап қала алмады, — деп хабарлады ЭК тілшісіне Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аман қалған бес жасар бала ем қабылдап жатыр. Ақтоғай аудандық полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтауда. Ит сәбилерге бас салғанда аулада ересектер болмаған.

Аталған оқиға бойынша тергеу басталып кетті. Ветеринарлық қызмет мамандары балаларды талаған иттің құтырма ауыры бар-жоқтығын жақын күндері анықтауға тиіс.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров