Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады

Олжас НҰРЖАҚЫП

ҚР Тұңғыш Президент баспасөз қызметі

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Құттықтау Елбасының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары — жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз.

Қасиетті Рамазан айында сіздерге зор денсаулық, рухани күш-қуат, бақ-береке тілеймін", — делінген құттықтауда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров