Алдағы күндері 8 өңірде күн күрт жылып, сел жүруі мүмкін

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Сәуір айында елімізде бір тәулікте жауын-шашынның бір айлық мөлшері түсуі ықтимал.

"Қазгидромет" болжамы бойынша 2-8 сәуір аралығында Қазақстанның барлық аумағында "тату" көктем (қарқынды жылыну және қардың күрт еруі) болмақ, деп хабарлайды Экспресс К.

Мамандардың айтуынша, бұл аралықта батыстан шығысқа қарай кезекті атлантикалық циклон ығыса бастайды. Ол негізінен жауын-шашынның түсуіне және алдымен батыс пен солтүстікте, кейін елдің қалған аумағында желдің күшеюіне себепші болады.

"Қазақстанның барлық аумағында Ираннан жылы ауа массаларының шығарылуымен "тату" көктем (қарқынды жылыну және қардың күрт еруі) болады деп отырмыз. Күндіз еліміздің батысында, орталығында және шығысында ауа температурасы +15+23°С-қа дейін, солтүстігінде күндіз +10+18°С-қа дейін, түнде +3+8°С-қа дейін (артады), оңтүстік өңірлерде +23+28°С-қа дейін көтеріледі. Алайда циклонның артынан Батыс антициклоны ауысады... Осыған байланысты Қазақстанның жазық аумақтарында (Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен оңтүстік-батыс бөлігі) қардың қарқынды еруі, еріген ағынның қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін", — делінген "Қазгидромет" мәліметінде.

Метеостанциядағылардың деректері бойынша, сәуір айында бір тәулік ішінде жауын-шашынның айлық мөлшері түсуі ықтимал. Бұл — сел жүру қаупі бар деген сөз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров