Жол

"Әкімдікті сотқа беремін". Сапасыз жолдан жапа шеккен шопыр бейнеүндеу жасады

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

Фото: А.Шыңыраубаев

Ол осы бейнетін сол күні төлеген салығы үшін өзіне билік жасаған "сыйлыққа" теңеді.

Павлодар қаласының Құдайбердиев көшесінде жолдағы тесіктерге шалынып, көлігінің бірден екі дөңгелегі жарылған Айдос Шынраубаев Instagram-ға видео жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Оқиға 2 сәуірде сағат 00:15-те болды. Бірден ЖПП қызметкерлерін шақыртып, жол-көлік оқиғасы деп тіркеттім. Өйтпегенде ше? Өз салығымызға өз жолымызды жөндете алмай отырмыз. Кей шұңқырдың тереңдігі тізеден келеді. Жергілікті билік мұны неге көрмейді?

— деді ол Экспресс К тілшісіне сұхбатында.

Фото: А.ШыңыраубаевФото: А.Шыңыраубаев
Фото: А.Шыңыраубаев

Айдос — Ақсу қаласының тұрғыны. КамАз тізгіндеген кәнігі шопыр екен. Тек сол күні "Тойота Матрикс" маркалы жеңіл көлігімен Павлодармен екі ортаға таксиші болуға шыққан.

Сондағы қалтама түскені 8 мыңдай теңге. Оның 6073 теңгесін салыққа төледім. Ал жарылған екі дөңгелектің шығыны 18 мың теңгеден асады. Ондай ақшаны маған кім бере салмақ?

— дейді Айдос.

Жапа шеккен азамат әкімдікті сотқа беремін деген райынан қайтпай отыр.

Бәрін түсінемін. Көктем келіп, көп кемдік көрініп жатыр. Бірақ мынадай жағдайға жеткенше қалай селсоқ қарап отыруға болады? Мен әкімдікті сотқа беруге сол күні-ақ бекінгенмін. ЖПП қызметкерлері сот қаулысы шыққан соң арыз жазуыма болатынын айтты,

— дейді А.Шынраубаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров