Су тасқыны

Ақтөбеде жұмысшылар мінген екі көлік суға батып кетті

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Жарқамыс ауылы маңындағы Жем өзеніне екі көлік батып кетті.

Көліктердің суға батқанын көрсететін видео WhatsApp арқылы тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбада судың ортасында жартылай батқан екі көлік тұр. Оның үстіне оннан аса адам шығып алған.

Мынау Жарқамыстың қасындағы су. Екі вахтовканың екеуі де суға түсіп кетті. Бірі шығып үлгерді. Біздер де келдік. Бірақ екінші көлікті шығарамыз деп ол да суға түсіп кетті. Сонымен осылай тұрмыз. Жігіттерді шығарып алу керек, басқасы ештеңе емес,

— дейді видеоны түсіріп тұрған адам.

Видеоның екінші бөлігінде судың жағасында "Камаз", "К-700" және тағы бірнеше көлік тұр. Судың ортасындағы көліктердің тек төбесі жартылай көрінеді. Бейнежазбада адамдардың аман-есен құтқарылғаны, судың ағысы қатты екені айтылады.

Желіде таралған жазбада екі көліктегі Қаратөбе ауылына бара жатқан жұмысшылар екен. Олардың Жем өзенінен өте алмағаны туралы айтылады.

Видеоға қатысты Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне хабарластық. Олардың мәліметінше, екі көлікте вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар болған.

Жұмысқа бара жатқанда Жем өзеніне түсіп кеткен. Қазір 20 адам құтқарылған. Ал көліктер судың ағысы баяулаған кезде шығарылады. Қазір мүмкін емес.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров