Президент

Тоқаев Украина мен Ресей келіссөздері жайлы Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Олжас НҰРЖАҚЫП

PK Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің барысы туралы айтылды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақорда сайтындағы мәліметке сүйенсек, Президенттер алдымен Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылаған. Әрі екіжақты сауда-саттықтың қарқынын сақтау үшін екі ел үкіметтері арасында ең маңызды тауар түрлері бойынша ықпалдастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені айтылды.

Сондай-ақ Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің барысы туралы мәлімет берді.

Мәлімет барысында Украинаның бейтараптық, блоктардан тыс, ядролық қарусыздану мәртебесіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізудің аса маңыздылығы жөніндегі ортақ түсіністік туралы айтылды,

делінген Ақорда сайтында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров