СҚО-да "Севказэнерго" АҚ-ның бас директоры қамалды


Солтүстік Қазақстан облысында алып зауыттың бас директоры ұсталды.
Бұл ақпаратты Полиция департаментіндегілер растады, деп хабарлайды Экспресс К.
Ведомство мәліметінше, бас директор уақытша тергеу қапасына қамалған.
Оқи отырыңыз:
"1 сәуірде Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес "Севказэнерго" АҚ бас директоры Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау қапасынаа қамалды. Қылмыстық істі тергеу ІІМ, Прокуратура және Полиция департаменті басшылығының бақылауында", — делінген департамент мәліметінде.
Еске салсақ, жақында ғана Петропавлдағы жылу-электр орталығында апат болған еді.