Футбол
Футболдан қыздар ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты


ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Елімізде футболдан қыздар ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты.
Бұл қызметке Айтбай Жамантаев тағайындалды. Бұған дейін бас бапкер қызметін болгариялық Калоян Петков атқарған болатын, деп хабарлайды Оlympic.kz-ке сілтеме жасап Экспресс К.
75 жастағы Айтбай Жамантаев бапкерлікті 1982 жылы бастаған. Ал 1984 жылы "Целинник" (Целиноград) командасымен бірге КСРО чемпионатының 2-лигасының 8-аймағының жеңімпазы атанды.
Оқи отырыңыз:
Айтбай Жамантаев 2004-2006 және 2017-2018 жылдары қыздар құрамасын басқарған.
Айта кетейік, қыздардың ұлттық құрамасы 8 және 12 сәуірде Словения мен Уэльске қарсы екі матч өткізеді. Бұл кездесу 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында өтеді. Оқу-жаттығу жиыны 4 сәуірде басталады.
Бөлісу