Тұрғынүй

Елордада көпқабатты тұрғын үйдің кірпіші үгітіліп түсіп жатыр

Олжас НҰРЖАҚЫП

instagram.com

Нұр-Сұлтандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде төтенше жағдай болып тұр. Қаланған кірпіші шетінен үгітіліп, жерге құлап жатыр.

Соның салдарынан мұндағы тұрғындар жазым болудан үрейленіп, қайда барарын білмей дал, деп хабарлайды Экспресс К.

Көпқабатты тұрғын үй кірпішінің шетінен жерге үгітіліп түскенін көрсететін бейнежазба Экспресс К редакциясының Newscorr қызметіне келіп түсті. Видеодаy тұрғындардың қатты қорқып қалғанын байқайсыз. Тура үйге кіре беріс есіктен жоғары қаланған кірпіштер үгітіліп жатқанын да көруге болады. Тіпті жерге жиналып қалған кірпіш қирандылары да көзге түседі.

Тұрғындар дабыл қаққаннан кейін мұнда төтеншеліктер жедел жеткен.

Алматы ауданы Жұбанов көшесі бойындағы тұрғын үйде ғимарат құрылымы бөлігінің ақауы бойынша хабарлама түсті. Жедел түрде іске кіріскен құтқару жасағының бөлімшесі ақауды жойды. Тұрғындар мен олардың меншігіне төнген қауіптің алдын алдық,

— делінген Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД хабарламасында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров