Жол апаты

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Кәмшат ҚОПАЕВА

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының аумағындағы Самар-Шымкент тас жолының бойында жол апаты болды.

Оқиға бүгін болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Аталған тас жолдың 765-ші шақырымы, яғни "Батыс-Жер" кемпингінің шыға берісіндеғ DAF-XS жүк көлігінің 44 жастағы жүргізушісі жол ережесін бұзған. Ол көлікті бұратын кезде оның өзге көліктерге кедергі келтірмейтініне көз жеткізбеген. Осылайша қарсы бағытта келе жатқан көліктерге жол бермей, "Лада-21723" автокөлігімен соқтығысты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіОблыстық полиция департаменті баспасөз қызметі
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі

Ауыр соққыдан екі адам қаза тауып, бір жолаушы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жолда абай болуды ескертеді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіОблыстық полиция департаменті баспасөз қызметі
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров