Су тасқыны

Су тасқыны: Ақтөбе облысындағы ахуал қалай?

Кәмшат ҚОПАЕВА

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Соңғы аптада Ақтөбе қаласы мен бірқатар аудандар тасыған қар суынан зардап шекті. Қаланың шеткі аудандарын су басса, ауылдардағы көпірлерді су шайып, қатынас үзілді. Қазіргі таңда өңірдегі ахуал қандай?

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, соңғы тәулікте жағдай тұрақталған, деп хабарлайды Экспресс К.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Соңғы аптада облыста ауа-райы күрт жылынды. Кеше температура 7-15 градус болса, оңтүстік аймақтарда 17-20 градусқа дейін көтерілді. Далалықтағы қар бірден еріді. Тасыған су республикалық, облыстық маңызы бар алты жолды, жергілікті маңызы бар 8 жолды шайып кетті. Соның салдарынан 6 елді мекен қатынассыз қалды. Бұл ауылдарда 3 мыңның үстінде халық тұрады.

Судан тазарту жұмыстары 9 аудан мен Ақтөбе қаласында жүргізілді. Тәулігіне 28249 текше метр су сорылды.

Ал Ақтөбе қаласындағы жаңадан салынған мөлтек аудандар мен қала маңындағы бірқатар ауылдарда үйлерді су басты. Халық жанайқайларын әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

Кеше Ақтөбе қаласында 31 үйге және Мәртөк ауданының Сарыжар кентіндегі жеке тұрғын үйлерге су басу қаупі төнді. 20 адам эвакуацияланды. Қазіргі уақытта қауіп жоқ. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері Ұлттық ұланның 60 әскери қызметшісі күні-түні жұмыс істеп жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйнесек, қауіп әлі сейілген жоқ. Қала маңындағы кейбір ауылдарда суды бұру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Дегенмен, өткен тәулікке қарағанда бүгін эвакуацияланған тұұрғындар болмаған.

Тасқын күшейген жағдайда 414 техника, 78 жүзу құралы, 251 мотопомпа дайын тұр. 14 мыңнан астам адам сиятын 84 уақытша орналастыру пункті де дайын. Алайда тұрғындарға босаңсуға болмайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров