Шоу-бизнес

11 жастағы қазақстандық "Голос. Дети" шоуының финалына өтті

Экспресс К

Видеодан кадр

11 жастағы қазақстандық Сағын Өмірбайұлы "Голос. Дети" шоуының тоғызыншы маусымының финалына өтті.

1 сәуірде "Первый канал" арнасында шоудың жаңа бөлімі көрсетілді, деп хабарлайды Экспресс К.

15 қатысушының бесеуі келесі кезеңге өтті, оның ішінде Сағын Өмірбайұлы да бар.

"Песня на вылет" кезеңінде жас қазақстандық "Скажите, девушки, подружке вашей" әнін қайта шырқап, финалға шықты.

Айта кетейік, көрмей тыңдау кезеңінде Сағын Өмірбайұлы Родольфо Фальвоның "Скажите, девушки, подружке вашей" әнін орындаған болатын. Қазылар алқасының екі мүшесі жас әншіге бұрылды — әнші Полина Гагарина мен рэпер Василий Вакуленко (Баста). Сағын Гагаринаны тәлімгер етіп таңдады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров