GGG
Головкин – Мурата айқасы 200-ден астам елде көрсетіледі


instagram.com/gggboxing
9 сәуір күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізеді.
Кездесу Жапонияның Сайтама қаласында өтеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Айқас Жапония, Оңтүстік Корея және Қазақстаннан басқа DAZN платформасындағы әлемнің 200-ден астам елінде тікелей көрсетіледі.
Головкин — Мурата жекпе-жегін Қазақстанның қай телеарнасы көрсететіні әзірге белгісіз.
Сондай-ақ DAZN трансляциясы Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Гонконг, Макао, Моңғолия және Филиппин елдерінде эксклюзивті болмайды.
Еске салайық, қазір Геннадий Головкин командасымен бірге Жапонияда жүр.
Бөлісу