Newscorr

Newscorr: Қосшыда ер адам сауна әкімшісін соққыға жықты

Экспресс К

Видеодан кадр

Ішімдікке масайған ер адам сауна кешенінің әкімшісін қызмет құнын төлеуді талап еткені үшін соққыға жыққан.

Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына ашуға булыққан ер адамның әйелге қалай қол көтергені түсірілген видео жолдады.

Бейнеролик авторының айтуынша, оқиға 2 наурызда елорда маңындағы Қосшы қаласында орналасқан сауна кешенінде болған.

Видеодан алкогольді ішімдік ішкен адамның әйелді бетінен бірнеше рет ұрып, иығынан нұқып жібергенін анық көруге болады. Жанжалға демалушылардың ақы төлемеуі себеп болған.

Ал жанындағы екінші адам оқиғаға араша түспей, бейқам қарап отырған.

Кейін оқиға орнына полиция келіп, әйелді ұрған күдіктіні ұстаған.

Саунаның әкімшісіне дене жарақатын салған 37 жастағы ер адам ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, Целиноград ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау изолятрына қамалды, .

— деп хабарлады Ақмола облысының ПД

Сондай-ақ полиция қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров