Түрме

Ақтөбеде тергеу қапасында ер адам қайтыс болды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Ақтөбе облысының тергеу қапасында Қылмыстық кодекстің "тонау" бабы бойынша сотталған ер адам қайтыс болған.

Оның бұғын дейін де бірнеше рет сотталғаны айтылды, деп хабарлайды Экспресс К

Ол алғаш рет зорлау, екінші рет кісі өлтіру, үшінші рет бұзақылық жасағаны үшін сотталған. Сонымен қатар сот оған алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуді де тағайындады,

— деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті.

Жедел жәрдем бригадасы сотталушының қайтыс болғанын және өлімнің алдын ала болжамы бойынша өз-өзіне қол салғанын айтады.

Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы келіп, материалды СДТБТ-де тіркеген.

ҚАЖ департаменті қызметтік тексеру тағайындады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров