Вакцина

Қазақстанда тағы екі вакцина сынақтан өтті

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Екі екпе де клиникаға дейінгі зерттеулерден өтіп, толығымен қауіпсіз екпе деп танылды.

Бұл туралы вирусолог-вакцинолог, профессор Қайсар Табынов мәлімдеді , деп хабарлайды Экспресс К.

Вакциналар денсаулық министрлігіне қарасты сынақ зертханасында клиникаға дейінгі зерттеулерден өтті. Сынақтың бірнеше сатысы болды. Олар:

Өткір уыттылық кезіндегі қауіпсіздік (тышқандар, егеуқұйрықтар, соның ішінде буаз жануарлар); Дозаны көп мөлшерде және жиі салған кездегі уыттылықтың ішкі органдарға әсер ету дәрежесі мен қауіпсіздігі (тышқандар, егеуқұйрықтар, соның ішінде буаз жануарлар); Аллергия реакциясы (тышқандар, теңіз шошқалары, соның ішінде буаз жануарлар).

Екі вакцина да сынақтан өтіп, толығымен қауіпсіз екпе деп танылды. Алдағы уақытта клиникалық зерттеудің I кезеңі басталады.

Осының арқасында Қазақстан вирустық инфекциялардың пандемиясына барынша дайын болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров