Жедел жәрдем

Қарағандыда науқасты алып кетуге келген жедел жәрдем көлігіне айыппұл салынды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қарағандыда көлік жүргізушісі оның жолын бөгеген жедел жәрдем көлігінің жүргзушісіне ашуланып, тар жолдан өткізбегені үшін полиция шақырды.

Оқиға орнына келген ішкі істер органдарының қызметкерлері жедел жәрдем жүргізушісіне айыппұл салды, деп хабарлайды Экспресс К.

Телеграм-арналардың бірінде Қарағандыда болған келеңсіз жағдайдың видеосы жарияланды. Онда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі дәрігерлерге науқасты алып шығуға ыңғайлы болсын деп үйдің кіреберісіне тоқтағаны айтылады. Себебі дәрігерлер жеделдіктің бірінші санаты берілген ең күрделі әрі шұғыл шақыру бойынша келген.

Алайда сол ауладан басқа көліктің жүргізушісі өтпек болып, жедел жәрдемнен жол сұрайды. Дәрігерлерді әкелген жүргізуші бос орынның жоқ екенін айтады. Сөйтіп, екі жүргізуші сөзге келіп қалады. Ақыры соңында шетелдік көлікті тізгіндеген адам полиция қызметкерлерін шақырған.

Оқиға орнына келген ішкі істер органдарының қызметкерлері жедел жәрдем жүргізушісіне айыппұл салады. Осылайша оны 597-бабы (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзу) бойынша жауапқа тартады.

Осыдан кейін науқасты ауруханаға алып кету үшін басқа жедел жәрдем көлігін жіберуге тура келді. Сөйтіп, үйде жатқан науқас екінші көліктің келуін күтуге мәжбүр болған.

Мен жеделдіктің 1-ші санаты бойынша келдім. Жағдайы ауыр науқас ауруханаға жатқызылды. Қалайша адамдар түсіністік, шыдамдылық танытпайды? Өйткені адамның өмірін сақтап қалу үшін әр минут маңызды. Мен подъездің жанында бостан босқа тоқтамадым ғой",

— дейді жүргізуші Алмас.

Біз бұған дейін жауапсыз жүргізушінің кесірінен жедел жәрдем көлігі кешіккені туралы да жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров