Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шет ел тыңшысы ұсталды

Есен ҮРКІМБАЙ

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Наурыз айының соңына таман Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарсы барлау қызметі Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетелдік барлау қызметінің "А" деген тыңшысын ұстады.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметіҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қолға түскен адам Қазақстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды Экспресс К.

ҰҚК-нің хабарлауынша, тыңшы бір мезгілде арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты лаңкестік әрекеттер жасауды жоспарлаған.

Тінту барысында шет елде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік мылтық, есірткі заттары және ірі көлемде ақша тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби түрде бөлшектеліп, жасырын әкелінген.

Сондай-ақ "А" елімізде әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы Ресейге қарсы үгіт жүргізу және қоғамда русофобиялық көзқарастарды тудыру туралы тапсырмаларды орындаған.

Алдын ала тергеу кезінде ҚР азаматы жоғарыда көрсетілген істерді шет мемлекеттің тапсырмасы мен мүддесіне жасағанын мойындады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров