Терме

Қызылордада көлік жөндеуші термені нақышына келтіре айтып, жұртты сүйсінтті

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Қызылордалық шебер автокөлік жөндеп жүріп, Сырдың мақамымен терме орындаған.

Қарапайым ғана көлік жөндеушісінің керемет жырлаған сәтінен видеоны ақын Әл-Фараби Бекарысұлы желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экпресс К.

Ақынның айтуынша, бұл шебердің есімі Мұрат екен. Бейнежазбадан оның көлік жөндеп жүріп, терме айтқанын көруге болады. Қарапайым талант иесі өз дауысымен Сыр мақамының иірімдерін де керемет келтіреді. Шебердің тек көлік жөндеп қана қоймай, термені керемет орындайтын бұл қабілеті бірнеше әндердің авторы Әл-Фрабиді де деп таң қалдырыпты.

Қызылордада осындай азамат бар. Күнкөріс кәсібі — көлік жөндеу, май ауыстыру. Алғаш танысқанда мұндай терең жігіт деп ойламаппын. Бұгін өзінің өнерін көріп, риза болдым,

— деп жазды Әл-Фараби.

Танылмай қалған таланттың өнеріне көпшілік оң баға берді.

"Талант бар, таныс жоқ деген осы шығар", "Не деген керемет орындау. Жасай бер", "Дәстүрлі өнерді құрметтеген адам тегін адам емес",

— деп жазды желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров