Жер асты дүмпу
Каспийде 3,8 балдық жер сілкінісі болды


© Shutterstock
Каспий теңізінде қуаты 3,8 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл дүмпуден ешкім зардап шекпеген.
Әзірбайжан сеймологиялық қызметі теңіз табанында толқу болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Жер сілкінісі 2 сәуір күні түнде Каспий теңізінің Әзірбайжанға қарасты жағалауынан 22 шақырым қашықтықтағы тереңдікте болған. Бұл маң Ақтау қаласына 375 шақырым қашықтықта орналасқан.
"Су астында болған сілкініс солтүстік ендіктің 40°19'12", шығыс бойлықтың 51°46'48" аумағында болды деп", — хабарлды Әзірбайжан сейсмологиялық қызметі.
Бөлісу