Су тасқыны

Батыс Қазақстан облысында ауылдарды су басты

Экспресс К

ТЖМ баспасөз қызметі

3 сәуір күні Жәнібек ауданында қардың еруі мен жауын-шашынның жаууы салдарынан 2 елді мекенді су басты.

Жақсыбай ауылында шамамен 170 тұрғын үй су астында қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

ТЖМ баспасөз қызметіТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жергілікті әкімдік және Шекара қызметінің күшімен 637 адам эвакуацияланған.

ТЖМ баспасөз қызметіТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарылған 305 адам, оның ішінде 89 бала М.Б. Ықсанов атындағы мектеп-балабақшаға, 332 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. Таловка ауылында 2 тұрғын үй су астында қалды. 8 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 2 бала туыстарының үйіне орналасты,

— делінген министрлік хабарламасында.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Батыс Қазақстанға қажетті құрал-жабдықтары бар 12 құтқарушыны МИ-8 тікұшағымен жіберді. Осыған қоса жеке құрамнан 34 адам автокөлікпен аттанған.

Сондай-ақ су басқан ауылдарға облыс орталығындағы жеке құрамнан 20 адам және 3 бірлік техникадан тұратын қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Бұған дейін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов су тасқынының зардаптарын жою жөнінде министр мен әкімдерге тапсырма берген еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров