Шоу-бизнес

Қайрат Нұртас соққыға жығылды деген ақпарат тарады

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

facebook.com/Ерлан Омарбеков

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртасты Қостанайда ұрып кеткені туралы ақпарат тарады.

Осы хабарға қатысты Қостанай облысы Полиция Департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсініктеме берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Танымал әншінің Қостанайда аяусыз соққыға жығылғаны туралы хабарлама WhatsApp мессенджері арқылы ПД бастығына да жеткен.

Мұнда "ПД басшысының бұл ақпаратты баспасөз қызметі арқылы растағаны"жазылыпты. Қайрат Нұртастың есен-сау екеніне көз жеткізу үшін әншімен өзім арнайы барып кездескенімді хабарлаймын. Оған екеуміздің бірге түскен фотомыз дәлел,

— дейді ПД бастығы.

Қазір тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқан адамды іздестіруге кірісті.

Қайрат Нұртас кеше Қостанайда жеке концертін өткізген болатын.

Бұған дейін атышулы Мұрат Әбділдәнің 5 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров