Қазақ тілі

Қазақша екі сөздің басын құрай алмаған шенеунік көпшілік алдында ұятқа қалды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Біржан Әбдірахманов

Тікелей эфирде тележурналистке сұхбат берген Ақмола облысындағы басқарма басшысының орынбасары мемлекеттік тілде сөйлей алмай, масқара болды. Осы ыңғайсыз сәтті көрсететін видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Облыстағы жағдай туралы ақпарат беремін деген шенеунік ойын қазақ тілінде жеткізе алмай қойды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақмола облыстық Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Біржан Әбдірахманов журналист қойған сауалдарға дұрыс жауап бере алмады. Эфир барысында мынадай диалог өрбіді:

Журналист: Адамдар ауыз суға қашан қол жеткізеді? Нақты қандай қыруар жұмыс атқардыңыздар?

Б. Әбдірахманов: ... Ммм... Қазіргі кезде тендерлік рәсімдерді өткізуге жұмыс дайындалып жатыр.

Журналист: Көкшетаулықтар қашан таза су ішеді?

Б. Әбдірахманов: Кешірерсіз, мен айта алмай жатырмын...

Видео астына жазылған пікірдің көбі "Өзге емес, өз ұлтымыздың өкілі ана тілінде дұрыс сөйлей алмай отыр. Ұят нәрсе" деп масқаралап жатса, басқалары "Кешірім сұрап, ойын орысша айтуы керек еді" деп түсіністік танытуға шақырды.

Біз бұған дейін депутаттарға қазақ тілін үйретуге 27 миллион теңге бөлген мемлекетке жыр арнаған белгілі айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаев туралы жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров