Каспийде заңсыз балық аулаушылар 30 миллион теңгеге жуық зиян келтірген


ҚР ҰҚК баспасөз хатшысы
Каспий теңізінде заңсыз балық аулаушылар ұсталып, олардың 30 миллион теңгеге жуық шығын келтіргені анықталды.
Маңғыстау облысында шекарашылар арнайы операция кезінде заңсыздықтың жолын кесті, деп хабарлайды Экспресс К.


1 сәуірден бастап ҚР Шекара қызметі департаментінің Маңғыстау облысы бойынша құрылымдық бөлімшелері қолайлы жүзу режимін қолдау, браконьерлік қызметтің жолын кесу және Каспий теңізі акваториясының қазақстандық секторының теңіз биологиялық ресурстарын қорғау бойынша бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші кезеңіне қатысып жатыр.


Екі күн ішінде шекарашылар 8 900 метр ауды қолға түсірді. Сонымен бірге, 13 бекіре және 57 түрлі балық теңізге жіберілді. Қазір келген шығын көлемі 29 966 380 теңгеге бағаланған.


Сонымен бірге, аумақтық су режимін бұзғаны үшін екі дерек анықталып, оларға хаттама толтырылды.
Бөлісу