Шоу-бизнес

Собчак: Ресейде Нұрлан Сабуровтың бағдарламасы жабылды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Әлеуметтік желі

Журналист Ксения Собчак Ресейдегі рейтингі ең жоғары шоудың тағдыры туралы айтты.

Ол "Что было дальше?" жобасының жабылып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Ксения Собчактың сөзін super.ru сайты келтіреді.

"Орыс тілді YouTube-тағы басты және супер шоу жабылады. Ресми себеп — "ақшаның азаюы және қатал әзілдерді өткізбейтін этика мәселесі". Бірақ бұл өтірік әңгіме. Әшейінде қатал әрі ештеңеден қорықпайтын мұндай жігіттер айналасында болып жатқан оқиғаларға қатысты үн қатпады. Тілдерін бір жерлеріне тығып отыр. Дұрыс екен", — деп жазған Собчак.

Бұл ақпаратқа аталмыш шоудың продюсері Дарья Морозова жауап берді.

Ксения Собчактың бұл ақпаратты қайдан алғанын білмеймін. Жоба жабылған жоқ, біз ешқайда кеткен жоқпыз. Ақшаның бар-жоғы шоуға ешқашан әсер еткен емес. Бұл бұрынғыдай маусымдық үзіліс. Жаңа шығарылымдар әлі түсірілмеді,

— деп жауап берді Дарья.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров