Алаяқтар

Полицей болып танысып, жоқ тауарды сатып жүр

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

ҚР ІІМ Қостанай академиясының баспасөз қызметі

Алаяқтар өздерін полицей ретінде таныстырып, халықтың қалтасын қаққан.

Қаскүнемдер әуелі ІІМ Қостанай академиясының қызметкері Ерболат Қайнардың жеке мәліметтерін оңайлықпен қолға түсірген, деп хабарлайды Экспресс К академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар Ерболатқа өздерін Тараз қаласындағы әріптестері ретінде таныстырған. Бастына қиын іс түскенін айтып, көмек беруін сұрайды. Ештеңеден сезіктенбеген қостанайлық қызметкер оларға сұраған ақпараттарының бәрін жайып салған.

ҚР ІІМ Қостанай академиясының баспасөз қызметіҚР ІІМ Қостанай академиясының баспасөз қызметі
ҚР ІІМ Қостанай академиясының баспасөз қызметі

Бірер сағаттан кейін менің жеке деректеріммен OLX-ке элиталы жиһаздардың арзанға сатылатыны туралы хабарландыру шығыпты. Алаяқтар тауарды кез келген қалаға жеткізіп беруе уәде еткен. Мен секілді қаннен-қаперсіз қаншама азамат бұл өтірікке сенді екен,

— дейді Ерболат Қайнар.

Қаскөйлердің жоспары іске асып, тұрғындар оларға 30 мың мен 1 млн теңге аралығында ақша аударып жіберген. Алаяқтардан күдіктенген азаматтарға олар полицей куәлігін көрсетіп, сенімдеріне енген.

Маған адамдар әртүрлі қаладан қоңырау шалып, тауарларын сұрай бастады. Бәрі бір ауыздан жиһаздың менің атымнан сатылып жатқанын айтты. "Тараздық әріптестерімнің" алаяқтар екеніне сол кезде көзім жетті.

— дейді Ерболат.

Ол дереу Қостанай қаласы ПБ-ның Оңтүстік бөліміне хабар берді. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ерболаттың қызметтік куәлігі тәркіленіп, жарамсыз деп танылған. Сондай-ақ, ол жеке куәлігін де ауыстырып алды.

Қазіргі уақытта пабликтерде, әлеуметтік желілерде құжаттарымды алаяқтар пайдаланып, адамдарды алдап жүргені туралы ақпаратты белсенді түрде таратып жатырмын. Олардың арбауына түсіп, сан соғып қалмаңыздар,

— дейді әскери қызметкер.

Бұған дейін "Қазпочта" атын жамылған алаяқтар туралы жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров