Суицид

Нұр-Сұлтанда ер адам көпірден секіріп кетпек болды

Экспресс К

Видеодан кадр

Оқиға 3 сәуір күні сағат 07:22 шамасында Қабанбай батыр даңғылында болды.

Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған 29 жастағы ер адамды құтқарды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жас жігітпен диалогқа түспек болған. Алайда секіруге оқталған ер адам жан-жақты қарсылық көрсетіп, мәмілеге келуден бас тартты. Жағдайды бақылауға алмақ болып аға лейтенант Қайрат Құснеденов көпір жақтауында тұрған жігітті қауіпсіз аймаққа алып шығып, суицидтің алдын алды.

"Экипаж құрамы оқиға орнына дереу жеттік. Қоршаудың арғы жағында жылап, өзіне ешкімді жақындатпай тұрғанын ер адамды көрдік. Санаулы секундтарда мен оған жақындап, ұстап үлгердім. Сол кезде әріптестерім де келді. Ер адамның қолымыздан жұлқынып шығып кетпек болғанына қарамастан, біз оны қайтадан көпірге алып шықтық, — дейді Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Қайрат Құснеденов.

Ер адамның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Мән — жайды анықтау үшін ол "Есіл" ауданының Полиция басқармасына жеткізілді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров