Қайғылы оқиға

Семейде мұз үстінде суретке түспек болған екі қыз суға кетті

Экспресс К

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Мұз жарылып, ойыққа түсіп кеткен бойжеткеннің бірі көз жұмды.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23,24 жастағы қыздар Ертіс өзеніне суретке түсу үшін барған, деп хабарлайды Экспресс К.

Жақын маңда қыздардың бірінің әкесі болған. Әли Тораев өзінің 24 жастағы қызын дер кезінде судан шығарып алды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

23 жастағы туыс қызын құтқаруға оқталған ер адам судан марқұмның денесін алып шықты,

— деді облыстық департаменттегілер.

ТЖД-нің қызметкерлері облыс тұрғындарына мұз үстінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров