Қайғылы оқиға

Қарағандыда ойын баласы каналдағы суға батып кетті

Экспресс К

 Қарағанды облысы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі

Қайғылы оқиға 3 сәуір күні сағат 15:45 шамасында Серов көшесіндегі үйдің маңында болды.

9 жастағы бала ойнап жүріп еріген су ағатын каналға батып кетті, деп хабарлайды Экспресс К Қарағанды облысы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілетеме жасап.

Құтқарушылар шақырылғаннан кейін бір сағат өткен соң судан 2012 жылы туған баланың денесін алып шықты.

Қарағанды облысы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіҚарағанды облысы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі
Қарағанды облысы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Ата-аналар әрқашан баланың қайда екенін, кіммен және қашан үйге оралуды жоспарлағанын білуі керек. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті баланың ата-анасына көңіл айтады,

— делінген хабарламада.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров