72 жастағы қария Қазақстанның 17 облысын жаяу жүріп өтпек

Экспресс К

"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі

Ұлытаулық ақсақал бастаған марафон "Ұлытауға бардың ба..." деп аталады.

Еңбек ардагері Сәрсенбай Қотырашов марафонды туған жері Қарағанды облысы, Ұлытау ауылынан бастады, деп хабарлайды Экспресс К "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі
"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі

Ақсақал наурыз-қараша айларына жоспарлаған сапарының мақсатын да айта кетті.

Мен, осы марафонды жаяу жүріп өту үшін 7 жылдай уақыт дайындалдым. Менің мақсатым қолөнер шеберлерімен кездесіп, Ұлытаудың тарихын қазақ еліне таныту. Соның ішінде "Көкмайса" фестивалін насихаттау. Мен осы ретте, әріптестеріме алғысымды айтамын,

— дейді марафоншы.

"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі
"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі

Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Жомарт Бегаев, "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы РМҚК директорының міндетін атқарушы Нұрлан Қасымбеков, "Өлкетанушы" Бақтияр Қожахметов және музей қызметкерлері марафоншыға ақ жол тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Сәрсенбай Қотырашов алдағы уақытта жүріп өтетін жол бағытын түсіндірді.

"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі
"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының баспасөз қызметі

"Мен Қазақстанның барлық өңірлерін айналып өтуді жоспарлап отырмын. Қызылорда, Түркістан, Шымкенттен бастаймын. Әрі қарай Тараз, Алматы, Талдықорған қалаларына жол тартамын. Қазақстанның үздік қолөнершілерінің тізімін жасағым келеді. Менің бүкіл бағытым әлеуметтік желілерде жарияланады", — деді қария.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров