Атыс

АҚШ-та атыс кезінде алты адам қаза тапты

Экспресс К

©BBC

Калифорния штатындағы мемлекеттік әкімшілік ғимамаратының маңында атыс кезінде он бес адам ауыр жарақат алып, алтауы қаза тапты.

Жергілікті полиция іргелес аумақты қоршауға алды, деп хабарлайды Экспресс К Fox News агенттігіне сілтеме жаасап.

Қайғылы оқиға Сакраменто қаласында түнгі уақытта болды. Қала көшелерін торуылдап жүрген жергілікті полиция атыс дауысын естіген. Олар оқиға орнына жеткенде жамырай қашқан бір топ адамдарды, алты адамның мәйіті мен жараланған адамдарды көрген.

Полиция оқиғаның мән-жайын ашып айтқан жоқ. Қаладағы орталық көшелердің жабылғаны белгілі болды. Тұрғындарға аталған аумаққа кірмеу керегі ескертілді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров