COVID-19

Қытайдың шығысынан омикронның тағы бір түрі табылды

Экспресс К

©AP/Photo John Minchillo 

Қалалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, BA.1.1 деп аталатын омикрон штаммының жаңа нұсқасы 28 наурыз күні Цзянсу провинциясындағы Сучжоу қаласынан анықталды.

Бұл туралы РИА Новости сайты жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Сучжоу қаласындағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығы пайда болған жаңа нұсқа туралы көбірек білу үшін талдау және салыстыру жұмыстарына уақыт қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, омикрон шттаммы ең алғаш 2021 жылы Оңтүстік Африка мен Ботсванада анықталып, оған B.1.1.529 деген атау берілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлемде 487 миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, оның 6,1 миллионнан астамы қайтыс болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров