Уилл Смит

Ірі компаниялар Уилл Смитт түсіп жатқан фильмдердің жұмысын тоқтатты

Экспресс К

Twitter.com

Sony және Netflix компаниялары актер Уилл Смитт түсіп жатқан фильмдерді тоқтатты.

Актер қатысқан жобалардың тоқтауына "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімінде болған жағдай себеп болды, деп хабарлайды Экспресс К Hollywood Reporter агенттігіне сілтеме жасап.

Netflix Уилл Смитт басты рөлді сомдаған "Fast and Loose" фильмінің түсірілімін кейінге қалдырды. Sony компаниясы да "Bad Boys 4" кинокартинасының түсірілім жұмысын тоқтатты.

Айта кетейік, "Оскар" сыйлығын тапсыру рәсімінде Уилл әйелі туралы әзілдеген жүргізушіні жұдырықпен бір ұрған еді. Ол актердің әйелі Джада Пинкетт-Смиттің шашы "таңғаларлық және тым қысқа" деп әзілдеген болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров